Елдос Сметов: Жас деген – жай сандардың ауысуы ғана

Елдос Сметов: Жас деген – жай сандардың ауысуы ғана

Астанада өткен Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Олимпиада чемпионы Елдос Сметов жанкүйерлер алдына қайта шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жолы ол ресми жарыста емес, арнайы ұйымдастырылған көрсетілімде өнер көрсетті. Алайда татамиге қайта оралған чемпионды жанкүйерлер ерекше ықыласпен қарсы алды. Көрсетілім белдесуінде Елдос ұлын ертіп шықты. Спортшы бұл сәттің өзі үшін ерекше маңызға ие екенін айтты. Оның сөзінше, бұл — әкелік жауапкершіліктің жаңа кезеңі.

Қазір Елдос толыққанды жаттығу процесіне қайта кіріскен. Дегенмен нақты қай турнирде күресетіні әзірге белгісіз.

«Татамиге оралдым. Жаттығуға кірісіп кеттік. Бабыма келіп жатырмын, бірақ нақты мына жарысқа қатысамыз деп айтылған жоқ. Дегенмен Қытайдағы Гран-приде күресіп қалуым мүмкін. Бірақ ол міндетті түрде ресми жарияланады.

Бұл жолы тек 60 келіде күресеміз. Бірер жарысқа шығамын, сондықтан нәтижелі турнирге қатысу керек. Биылғы басты жарыстар – Азия ойындары мен әлем чемпионаты. Қайсысына дайын болатынымызды уақыт көрсетеді», – деді ол.

Сөз соңында Елдос Сметов қазақ спортында тарихи жетістікке жеткендерін айтып, ендігі мақсат әлемдік деңгейде жаңа белес бағындыру екенін жеткізді.

«Құдай қаласа, алдағы аламандарда ел абыройын асқақтатамыз деп үміттенеміз. Жас деген – жай сандардың ауысуы ғана. Қазақ тарихын жаңарту қолымыздан келді, енді әлем тарихын жаңартуға да шамамыз жетеді деп ойлаймын. Мүмкін емес деген дүние жоқ», – деп түйіндеді Олимпиада чемпионы.

Елдос Сметов: басты мақсатым - екі дүркін Олимпиада чемпионы болу

Марат Байкамуров - Qazaqstan Barysy Grand Slam-ның чемпионы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или