Камила Берліқаш Астанадағы турнирде күміс медаль жеңіп алды

Камила Берліқаш Астанадағы турнирде күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Камила Берліқаш Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандасымыз 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, алтын медаль үшін ресейлік Элис Старцевамен белдесті.

Шешуші белдесуде ресейлік балуан мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Осылайша Камила Берліқаш жарысты күміс жүлдемен түйіндеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы өз жерінде өтіп жатқан Grand Slam турнирін сегіз медальмен аяқтады. Жарыс жеңімпаздарының қатарында Жалғас Қайролла (81 келіге дейін) мен Марат Байқамуров (100 келіге дейін) бар. Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) мен Камила Берліқаш күміс жүлдеге ие болды. Ал Шерзод Давлатов (60 келіге дейін), Аңсарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін), Айдар Арапов (90 келіге дейін) және Аида Тойшыбекова (78 келіден жоғары) қола медаль жеңіп алды.

Аида Тойшыбекова Grand Slam турнирінде үшінші орын алды

Марат Байкамуров - Qazaqstan Barysy Grand Slam-ның чемпионы

Qazaqstan Barysy Grand Slam: Талғат Орынбасар Олимпиада жүлдегерін жеңді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или