ҚПЛ-дегі орталық ойын бір күнге шегерілді

ҚПЛ-дегі орталық ойын бір күнге шегерілді

Журналист әрі инсайдер Эльдар Аманбаев ҚПЛ аясындағы «Ордабасы» мен «Қайрат» арасындағы матчтың кейінге шегерілгені туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz AmanVIBE-ке сілтеме жасап.

Бастапқы жоспар бойынша кездесу бір күн ертерек өтуі керек болған. Алайда енді командалар 28 мамыр күні Шымкентте кездеседі. Матч 20:00-де басталады деп жоспарланған.

Дереккөз мәліметінше, бұл ойын тек 12-турдың ғана емес, ҚПЛ бірінші айналымының да басты матчтарының бірі ретінде қарастырылып отыр.

Қазір «Қайрат» тоғыз матчтан кейін 21 ұпаймен ҚПЛ-2026 турнирлік кестесінде көш бастап келеді. Ал сегіз кездесуде 18 ұпай жинаған «Ордабасы» алматылық клубтың ең жақын қуғыншысы саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или