«Боруссия» қорғаушысы футболдан кететінін мәлімдеді
Дортмундтың «Боруссия» клубының қорғаушысы Никлас Зюле маусым аяқталғаннан кейін футболдағы мансабын аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
30 жастағы футболшы бұл шешімді Бундеслиганың 30-туры аясындағы «Хоффенхаймға» қарсы матчтан кейін қабылдағанын жеткізді. Сол кездесуде ол тізесінен жарақат алған болатын.
Никлас Зюленің айтуынша, ойыннан кейін дәрігерлер айқас байламдары үзіліп кетуі мүмкін деген күдікпен тексеру жүргізген. Сол сәтте футболшы ең жаман сценарийді ойлап, шешім қабылдағанын жасырмады.
Келесі күні МРТ қорытындысы ауыр жарақат жоқ екенін көрсеткен. Алайда қорғаушы дәл осы сәттен кейін футболдан кететін уақыт келгенін толық түсінгенін айтты. Оның сөзін «Боруссияның» ресми сайты жариялады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или