Silk Way Series Astana турнирі елордада өтеді
Астанада велоспорттан Silk Way Series Astana халықаралық турнирі өтеді. Жарысқа бірнеше елдің үздік спортшылары қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Биылғы додаға Қазақстан, Армения, Литва, Греция, Әзербайжан, Ресей және Беларусь елдерінің велошабандоздары жиналады. Бұл турнир спортшылар үшін маңызды халықаралық бәсекелердің бірі болмақ.
Айта кетелік, жарыс 15–17 мамыр күндері «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Көрермендер тартысты әрі жоғары деңгейдегі сайыстарды тамашалай алады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или