Накатани алғаш рет жеңіліп, «жеңіліс дәмін татпаған» атағынан айырылды

Накатани алғаш рет жеңіліп, «жеңіліс дәмін татпаған» атағынан айырылды

Токиода өткен бокс кешінде екінші жеңіл салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Наоя Иноуэ өз белбеуін сәтті қорғап қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек әйгілі Tokyo Dome аренасында өтіп, Иноуэ отандасы Дзюнто Накатаниды бірауыздан төрешілер шешімімен жеңді. (116:112, 115:113, 116:112)

Бұл жеңіс Иноуэнің кәсіби мансабындағы 33-ші жеңісі болды. Ол барлық чемпиондық белбеулерін сақтап, абсолютті жеңімпаз атағын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ал Накатани бұл жекпе-жекте алғаш рет жеңіліп, «жеңіліс дәмін татпаған» атағынан айырылды. 

Айта кетелік, ол айқасты қорғаныста бастап, алғашқы раундтарда сақ қимылдағанымен, Иноуэнің қарқынына төтеп бере алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или