Йоэль Ромеро Майамидегі турнирде қарсыласын бірінші раундта-ақ жеңді
Майамиде өткен Gamebred Bareknuckle MMA турнирінде кубалық ардагер файтер Йоэль Ромеро кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (еркін күрес) саналатын Ромеро жекпе-жекті бірінші раундта-ақ өз пайдасына шешті. Оның қарсыласы бұрынғы UFC файтері Алекс Николсон болды.
Жекпе-жек барысында Ромеро қарсыласын партерге алып түсіріп, тор жанында сол қолымен ауыр соққы жасады. Осы шабуылдан кейін Николсонның жақ сүйегі зақымданып, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.
Айта кетелік, америкалық файтер жарақатын көрсеткендн Ромеро қарсыласына жақындап, қолдау білдірді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или