Нұрәділ Алжан халықаралық сайыста қола медаль жеңіп алды

Нұрәділ Алжан халықаралық сайыста қола медаль жеңіп алды

Душанбе қаласында басталған дзюдодан Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұрәділ Алжан ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін өткен белдесуде ресейлік Ачыты Домбууды жеңді. Осылайша ол халықаралық жарыстың жүлдегері атанды.

Аталмыш нәтиже Қазақстан құрамасының аталған турнирдегі алғашқы медалі болды. 

Айта кетелік, Grand Slam додасы Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өтіп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или