Құрама командалық сында финалға дейін жетті
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Ордоста өткен Азия чемпионатында командалық жарыста күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аралас командалық турнирдің финалында қазақстандықтар Моңғолия құрамасына 0:4 есебімен жол берді. Өз белдесулерінде Дана Әбдірова (57 кг дейін), Ануар Жұмагелдин (73 кг дейін), Аида Тойшыбекова (70 кг жоғары) және Ғалымжан Крикбай (90 кг жоғары) жеңіліп қалды.
Жалпы есепте Қазақстан құрамасы құрлықтық біріншілікте алты медаль жеңіп алды. Алтын жүлдені Әділет Алмата (81 кг дейін) иеленді.
Қола медальдарға Эсмигүл Куюлова (63 кг дейін), Абылайхан Жұбаназар (81 кг дейін), Айдар Арапов (90 кг дейін) және Аруна Жангелдина (78 кг дейін) қол жеткізді.
Төрт қазақстандық спортшы Азия чемпионатының қола медалі үшін күреседі