Қазақстан Моңғолиядағы Grand Slam турнирін жүлдесіз аяқтады

Қазақстан Моңғолиядағы Grand Slam турнирін жүлдесіз аяқтады

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында дзюдодан өткен Grand Slam турнирінде қазақстандық дзюдошылар жүлдеге қол жеткізе алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Байрақты бәсекеге ел намысын қорғаған 20 дзюдошы олардың ешқайсысы жүлдегерлер қатарына ене алған жоқ.

Жарысқа ұлттық құраманың бірқатар көшбасшылары да қатысты. Атап айтқанда, 60 келіге дейінгі салмақта Мағжан Шамшадин, 66 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев, 100 келіге дейінгі салмақта Марат Байқұмар, 48 келіге дейінгі салмақта Ғалия Тынбаева және 78 келіден жоғары салмақта Камила Берліқаш татамиге шықты.

Алайда қазақстандық дзюдошылардың басым бөлігі іріктеу кезеңінен аса алмай, жарысты ерте аяқтады.

Ұлан-Батырдағы Гранд-Слэм турнирі ерекше маңызға ие. Себебі бұл жарыс 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына іріктеу кезеңіндегі рейтингтік ұпайлар үлестірілетін басты додалардың бірі болды.

Айта кетейік, жарыс 19–21 маусым аралығында өтті. Турнирге Олимпиада және әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

Олардың қатарында жапониялық Ута Абэ мен Сансиро Мурао, ресейлік Тимур Арбузов пен Инал Тасоев, франциялық Лука Мхеидзе және Романе Дико секілді әлемдік дзюдо жұлдыздары бар.

Grand Slam: қазақстандық дзюдошылардың алғашқы қарсыластары анықталды

Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды

Қазақстандық дзюдошылар European Open турнирін жүлдесіз аяқтады



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или