Данилина Франциядағы турнирдің финалына шыға алмады

Данилина Франциядағы турнирдің финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Франциядағы беделді жарыстың жартылай финалында жеңіліс тапты, деп хабпрлайды Prosports.kz.

Ол америкалық Эйжа Мухаммадпен жұптасып, Сен-Мало қаласындағы турнирде финал жолдамасын сарапқа салды. Алайда қазақстандық-америкалық  Хао-Чин Чань мен Иванна Корли жұбына 4:6, 6:7 есебімен жол берді.

Кездесу 1 сағат 40 минутқа созылды. Бұл қарсыластар бұған дейін бір-бірімен кездеспеген.

Айта кетелік, турнирдің жалпы жүлде қоры 115 мың АҚШ долларын құрайды.






Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или