Қызылордада волейболдан Шиндин турнирі мәресіне жетті

Қызылордада волейболдан Шиндин турнирі мәресіне жетті

Қызылорда қаласы «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінде волейболдан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор Николай Шиндинді еске алуға арналған ерлер арасында волейболдан республикалық турнир өтті.

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Осымен он бірінші мәрте ұйымдастырылған бәсекеде Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының  8 командасы сынға түсті.

2 күнге созылған жарыстың финалында «Қорқыт Ата ҚМУ» командасы «Тараз - ТАРМУ» командасын 3:0 есебімен жеңіп, тоғызыншы мәрте турнир жеңімпазы атанды.  Оңтүстік Қазақстан облысының  «Қарабұлақ» командасы үшінші орынды иеленсе, Түркістан қаласының «МКТУ» командасы төртінші орынды қанағат тұтты.

Турнирдің үздіктері:

Үздік қорғаушы -  Берік Өтегенов («Қорқыт Ата ҚМУ» командасы)

Үздік үйлестіруші  - Алмерек Ибраев  («Байқоңыр» командасы)

Үздік шабуылшы - Бауыржан Әбілдаев («Тараз-ТАРМУ» командасы)

Үздік либеро - Ғияситдин Үсенов («МКТУ» командасы)

Жеңіске деген ынтасы үшін  - Андрей Корчагин («Байқоңыр» командасы)

Пайдалы ойыншы - Руфат Хамракулов («Қарабұлақ» командасы)

Әділ төреші - Ғалымжан Әбдірейімов (Жаңақорған ауданы)

Үздік ойыншы - Аслан Зұлқарнаев («Қорқыт Ата ҚМУ» командасы)

Сондай-ақ, турнирде жақсы өнер көрсеткені үшін бірқатар командалар мен команда ойыншылары алғыс хаттармен марапатталды.

Жеңімпаз және жүлдегер командалар мен номинация иегерлеріне дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

ҚазАқпарат

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или