Қазақстан құрамасы шабуылшысынан айырылды
Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты қарсаңында маңызды ойыншысынан айырылды. Тәжірибелі шабуылшы Евгений Рымарев ұлттық команда сапында өнер көрсете алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
37 жастағы хоккейші биыл Словакияның бірінші лигасында «19 Гуменне» құрамында ойнады. Тұрақты чемпионатта 6 матч өткізіп, 10 (4+6) ұпай жинаған. Плей-офф кезеңінде 8 ойында 6 (2+4) ұпай еншілесе, өтпелі турнирдің 12 кездесуінде 7 (4+3) ұпай тіркеді.
Айта кетелік, бірінші дивизионның «А» тобындағы әлем чемпионаты 2–8 мамыр аралығында Сосновец қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы жолдама алу жолында Франция, Украина, Польша, Жапония және Литва құрамаларымен бақ сынасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или