Томпсон мен Масси командада қалады
Астаналық «Барыс» клубы екі негізгі ойыншымен келісімшартты ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz. Мәліметке сәйкес, канадалық қорғаушы Джейк Масси мен америкалық шабуылшы Тайс Томпсон командада қалатын болды. Ал осы маусымда ойнаған басқа легионерлер клубтан кетеді. Өткен тұрақты маусымда Масси 67 матч өткізіп, 25 ұпай жинады (8 шайба, 17 пас). Ал 26 жастағы Томпсон 57 ойынға қатысып, 25 ұпай еншіледі (10 гол, 15 пас) және «Барыс» шабуылшылары арасында үшінші нәтижелі ойыншы атанды. Маусым қорытындысында «Барыс» 54 ұпай жинап, Шығыс конференциясында 10-орын алды және плей-офф кезеңіне шыға алмады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или