Жағажайдағы АО-2026: Қазақстан су добынан Иранға жол берді
Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындары аясында Иран құрамасына қарсы матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-не сілтеме жасап.
Алғашқы кезеңде біздің құрама басым түсті (2:1). Екінші кезеңде де қазақстандық спортшылар жеңіске жетті (5:4).
Үшінші кезеңде қарсылас команда басым түсті (3:2). Ойынның соңғы бөлімінде де Иран құрамасы жеңді (2:0). Нәтижесінде төрт кезеңнің қорытындысы бойынша ойын тең аяқталды - 2:2.
Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бұл сында ирандықтар 3:2 есебімен басым түсті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Саньядағы Азия ойындарында алғаш рет жеңіліп қалды. Бұған дейін біздің команда Таиланд пен Гонконг құрамаларын ұтқан еді.
Айта кетейік, Саньяда су добы бәсекелері айналмалы жүйе бойынша өтуде. Келесі матчты қазақстандықтар 28 сәуірде Қытай құрамасына қарсы өткізеді.
Қазақстан әйелдер құрамасы баскетболдан 1/8 финалға шықты
Қазақстан баскетболдын жағажай Азиадасында алғашқы матчтарын өткізді
Қазақстандық баскетболшылар жағажай Азиадасында Бахрейнге есе жіберді