ҚПЛ-да қостанайлық клуб үш ұпай еншіледі
ҚПЛ-дің жетінші турында қостанайлық «Тобыл» өз алаңында ақтаулық «Каспийді» 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алаң иелері сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Жаслан Жұмашев дубль авторы атанды.
Осы жеңістен кейін «Тобыл» 5 ұпай жинап, турнир кестесінде 14-орынға көтерілді. Ал «Каспий» 1 ұпаймен соңғы орында қалып отыр.
Келесі турда «Тобыл» сырт алаңда «Жеңіспен» кездеседі. «Каспий» өз алаңында «Астананы» қабылдайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или