Шымкентте өткен ATP Challenger 50 сериясындағы турнирдің жеңімпаздары анықталды

Шымкентте өткен ATP Challenger 50 сериясындағы турнирдің жеңімпаздары анықталды

Шымкентте өтіп жатқан ATP Challenger 50 сериясындағы турнирдің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеке сынның финалында жарыстың бірінші ракеткасы, қазақстандық Тимофей Скатов (№198 ATP) өзбекстандық Сергей Фоминнен (№359 ATP) жеңіліп қалды.

Бірінші партияда Фомин корттың артқы сызығындағы сенімді ойынының арқасында басымдық танытып, сетті 6:3 есебімен аяқтады. Екінші кезеңде Скатов таразы басын теңестіруге тырысты. Ойын 5:5 есебіне дейін тең дәрежеде өрбігенімен, соңғы геймдерде 25 жастағы өзбекстандық спортшы ширақ қимылдап, жеңісті иеленді – 7:5. Осылайша, 2021 жылғы Универсиаданың қола жүлдегері Сергей Фомин мансабындағы екінші ATP Challenger титулын жеңіп алды.

Ал турнирдің жұптық сынында германиялық теннисшілер Макс Вискандт пен Макс Ханс Реберг жарыс жеңімпазы атанды.

Шешуші кездесуде неміс тандемі Дали Бланш (АҚШ) пен Святослав Гулин (Ресей) жұбымен кездесті. Вискандт пен Реберг бірінші сетті сенімді өткізіп, басымдық танытты – 6:1. Екінші партияда ойын тартысты өріс алып, қарсыластар есепті теңестіре алды – 5:7. Турнир тағдыры шешуші супертай-брейкте шешіліп, онда германиялық спортшылар ширақ қимылдап, жеңісті иеленді – 10:6.

Айта кетейік, Шымкенттегі теннис мерекесі жалғасады: ертең қалада екінші ATP Challenger 50 турнирі басталып, 3 мамырға дейін созылады. 

Жібек Құламбаева Қытайдағы турнирде жеңіске жетті

Тимофей Скатов Шымкентте украиналық теннисшіні жеңді

Дереккөз: ktf.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или