Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирде жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева (WTA рейтингінде 395-орында) мен ресейлік Екатерина Рейнгольд (328-орында) Қытайдың Баотоу қаласында өткен ITF W50 турнирінің жұптық сынында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалда Құламбаева мен Рейнгольд қытайлық және италиялық Чэнги Юань (643-орында) мен Дилетта Черубиниді (390-орында) қатарынан 6:1, 6:1 есебімен жеңді.
Кездесу небәрі 51 минутқа созылды. Осылайша, Жібек пен Екатерина титул иегерлері атанды.
Турнирдің жүлде қоры 40 000 АҚШ доллар.
Осы айдың басында Жібек Құламбаева тағы бір ресейлік Екатерина Яшинамен бірге Үндістанның Аурангабад қаласында өткен ITF W15 турнирінде жеңіске жеткен болатын.
Қазақстандық теннисші Мысырдағы жарыстың ширек финалына шықты
Жібек Құламбаева Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шықты