Жағажайдағы АO-2026: джиу-джитсу шебері Нұржан Батырбеков чемпион атанды
Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан VІ Азия жағажай ойындарында джиу-джитсу шебері Нұржан Батырбеков чемпион атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз -69 кг салмақта бақ сынап, финалда Оңтүстік Корея өкілін айқын басымдықпен жеңді.
Сонымен қатар бүгін күш сынасқан тағы 2 отандасымыз Әлинұр Қуатұлы (-69 кг) мен Сейілхан Болатбек (-77 кг) өз салмағында қола медаль жеңіп алды.
Қазір Қазақстан командасы кешенді жарыста 1 алтын, 3 қола жүлдемен 6-сатыға көтерілді.
Айта кетейік, ойындарда спорттың 15 түрінен жүлде сарапқа салынып жатыр. Қазақстан құрамасы оның 9 түрінен бақ сынайды. Барлығы ел намысын 70 спортшы қорғап жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или