«Реал» екі ойыншысынан айырылды

«Реал» екі ойыншысынан айырылды

«Реал» қорғаушысы Эдер Милитао мен жартылай қорғаушысы Арда Гюлер жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бразилиялық ойыншының сол аяғындағы, ал түрік футболшысының оң аяғындағы сан бұлшықеті зақымданған. Қалпына келу мерзімі нақты айтылмағанымен, шамамен 3–4 аптаға созылады. Бұл олардың маусымды ерте аяқтауына әкелуі мүмкін.

Милитао жарақатты «Алавеске» қарсы матчта алып, бірінші таймның соңында ауыстырылған. Ал Гюлер соңғы жаттығуды жалпы топпен өткізе алмады.

Осы маусымда Милитао «Реал» сапында 21 матч өткізіп, 2 гол және 1 нәтижелі пас тіркеді. Ал Гюлер барлық турнирде 50 ойынға қатысып, 6 гол соғып, 14 нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или