Қазақстандық велошабандоздар Өзбекстанда өткен Гран-приде сәтті өнер көрсетті

Қазақстандық велошабандоздар Өзбекстанда өткен Гран-приде сәтті өнер көрсетті

20-21 сәуір күндері Өзбекстанның Ферғана қаласында тас жолдағы велоспорт бойынша Гран-при жарысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бірінші кезеңнің (91 км) қорытындысы бойынша Елизавета Склярова екінші орынға (2:27.35), ал Ангелина Буренкова үшінші орынға (2:27.35) ие болды.

Екінші кезеңде (91 км) Рината Сұлтанова мәре сызығын бірінші болып кесті (2:22.40).

Сұлтанова жалпы есепте екінші орын алды. Алтын мен қола медаль Қытай спортшыларына бұйырды.

Жарысқа алты елден 50-ден астам велосипедші қатысты», - деп хабарлайды TeamQazaqstan Telegram арнасы.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или