Бибісара Асаубаева соңғы турнирге қатысты пікір білдірді
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Кипрдің Пафос қаласында өткен 2026 жылғы Үміткерлер турниріндегі өзінің өнеріне баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жанкүйерлерінің мансабыңдағы ең есте қалған турнир туралы сұрағына жауап берген спортшы соңғы жарысты ерекше атап өтті:
«Соңғысы. Көп нәрсе болды: өрлеу, құлдырау, күлкі, көз жасы, үмітсіздік және мінез», – деп жазды қазақстандық шахматшы.
Турнир қорытындысы бойынша Асаубаева 8 ұпай жинап, екінші орынға ие болды. Ал үндістандық Рамешбабу Вайшали жеңімпаз атанған болатын.
Айта кетейік, қазақстандық шахматшы жарыс барысында 14 партия өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетті, жетеуінде тең түсіп, екі рет жеңіліс тапты.
Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте жоғарылады
Қазақстандық шахматшы әлемде ең көп табыс табатын әйелдер қатарына кірді