Таеквондо: Қазақстан халықаралық турнирде төрт медаль еншіледі
Қазақстан құрамасы Испанияның Аликанте қаласында өткен Spanish Open халықаралық турнирінде төрт жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Команданың жалғыз алтын медалін +87 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Бейбарыс Қаблан жеңіп алды. Ол финалда қарсыласын жеңіп, бірінші орынға ие болды.
Күміс жүлдені Азим Ниязов (63 келіге дейін) пен Дамир Шүленов (74 келіге дейін) иеленді. Екі спортшы да өз салмақтарында финалға дейін жетті.
Ал қола медальді 73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Назым Махмутова еншіледі.
Айта кетейік, бұл турнир әлемнің түрлі елдерінен келген мықты таеквондошыларды жинаған беделді жарыстардың бірі саналады.
Жастар арасындағы ӘЧ: Айым Серікбаева алтын медаль жеңіп алды
Өзбекстан қазақстандық таэквондошыны ӘЧ-дағы үздік спортшы деп тапты