Қазақстандық таэквондошы «турнирдің үздік спортшысы» атағына ие болды

Қазақстандық таэквондошы «турнирдің үздік спортшысы» атағына ие болды

Ташкентте өткен таэквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Айым Серікбаева «турнирдің үздік спортшысы» атағына ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыста 44 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Серікбаева алты жекпе-жек өткізіп, барлық қарсыласын сенімді түрде жеңді. Финалда ол мексикалық Ширли Понсе Нуньесті 2:0 есебімен ұтып, алтын медаль иеленді.

Сонымен қатар, бұл оның алғашқы ірі жетістігі емес. Бұған дейін спортшы Бахрейндегі жазғы жасөспірімдер ойындарында да «үздік спортшы» атанған. 

Айта кетелік, жарыс қорытындысы бойынша ол турнирдің ең үздік қыз спортшысы ретінде танылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или