Рыбакина Штутгартта чемпион атанды

Рыбакина Штутгартта чемпион атанды

Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Штутгартта өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда ол әлемнің 12-ракеткасы Каролина Мухованы 7:5, 6:1 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 19 минутқа созылды.

Ойын барысында Рыбакина үш эйс жасап, бірде-бір қос қателік жібермеді және сегіз брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Ал қарсыласы бір эйс тіркеп, брейк мүмкіндігінің тек біреуін ғана жүзеге асырды.

Бұл жеңіс үшін қазақстандық теннисші лимон түсті Porsche 911 Carrera S автокөлігін иеленді. Бұған дейін ол осы турнирде Porsche Taycan 4S Sport Turismo ұтып алған болатын.

Аталған титул Рыбакина үшін мансабындағы 13-ші, ал 2026 жылғы маусымдағы екінші жеңіс болды. Бұған дейін ол биыл Аустралия ашық чемпионатында да топ жарған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или