Рыбакина ауыр матчтан кейін қалпына келудің басты тәсілін атады

Рыбакина ауыр матчтан кейін қалпына келудің басты тәсілін атады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирдің ширек финалынан кейін қалай қалпына келетінін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол канадалық Лейла Фернандеспен өткен үш сетке созылған ауыр кездесуде жеңіске жеткен еді.

Рыбакина ең алдымен жақсы ұйқы мен толыққанды демалысқа мән беретінін айтты. Сондай-ақ ол барлық қалпына келтіру процедураларынан өтіп, жартылай финалға дайын болатынын жеткізді.

Теннисші үшін бұл матчтың ауыр болғанымен, ұзақ розыгрыштар алдағы жарыстарға пайдалы тәжірибе екенін атап өтті.

Айта кетелік, енді ол жартылай финалда ресейлік Мирра Андреевамен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или