Азия чемпионаты: Әділет Алмат алтын медаль еншіледі

Азия чемпионаты: Әділет Алмат алтын медаль еншіледі

Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

81 келідегі Әділет Алмат финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Сомон Махмадбековпен белдесті. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласын ауырту әдісімен жеңіп кетті.

Айта кетейік, бұған дейін 2022 жылы Данияр Шамшаев Астанада өткен сары құрлықтың додасында топ жарған еді.

Әділет Алматтың бұл Азия чемпионатындағы бірінші жүлдесі. Ол 2023 жылы жастар арасында Азия чемпионы атағына да қол жеткізген болатын.

Эсмигүл Куюлова Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық екі спортшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или