Азия чемпионаты: Эсмигүл Куюлова қола медаль еншіледі

Азия чемпионаты: Эсмигүл Куюлова қола медаль еншіледі

Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұбаныш белдесуі арқылы қола жүлде үшін сынға түскен Эсмигүл Куюлова (-63 кг) тайбэйлік Ян Пей-Чунды жеңді. Қарсыласы жарақатына байланысты кездесуді жалғастыра алмады.

Айта кетейік, Эсмигүл бұған дейін Бангкокта (Таиланд) өткен жылғы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған. Сондай-ақ 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында үшінші орын иеленген болатын.

Қазақстандық екі спортшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында үш медаль еншіледі

Қазақстан құрамасы Грузиядағы «Үлкен дулыға» турнирін аяқтады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или