Әмірбеков тамаша сериясын жалғастырды
Қазақстан құрамасының қақпашысы Джалал-Ад-Дин Әмірбеков ЖХЛ плей-офф кезеңінде таңғажайып нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қақпашының «құрғақ» сериясы 171 минут 40 секундқа жетті. Әмірбековтың «Магниткасы» плей-оффтың екінші кезеңінде «Химикті» 3:0 және 1:0 есебімен жеңді.
Плей-офф басталғаннан бері қазақстандық қақпашы керемет статистика көрсетті: алты ойында алты жеңіс, 193 соққыдан алты гол ғана өткізіп алды, сейв пайызы 97%-дан асты.
Айта кету керек, 23 жастағы Әмірбеков ЖХЛ-дегі екінші толық маусымын өткізуде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или