Мерген Валерий Рахымжан Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Мерген Валерий Рахымжан Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Испанияның Гранада қаласында нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-ке сілтеме жасап.

10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен ату сайысында қазақстандық Валерий Рахымжан финалға жолдама алды.

Нәтижесінде отандасымыз сегізінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды қытайлық Бу Шуайхан иеленді.

Екінші орын ресейлік Антон Аристарховқа бұйырса, үздік үштікті түркиялық Бугра Селимзаде түйіндеді.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или