Кейн рейтинг көшін бастады, Месси топ-10-нан тыс қалды
The Athletic басылымы 2026 жылғы «Алтын доп» жүлдесінің басты фавориттерінің жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тізімнің бірінші орнына «Бавария» шабуылшысы әрі Англия құрамасының капитаны Харри Кейн жайғасты. Үздік үштікке сондай-ақ Килиан Мбаппе («Реал») мен Ламин Ямаль («Барселона») енді.
Толық ондыққа Деклан Райс, Витинья, Майкл Олисе, Педри, Усман Дембеле, Эрлинг Холанд және Винисиус Жуниор кірді.
Айта кетейік, сегіз дүркін «Алтын доп» иегері Лионель Месси бұл жолы үздік ондыққа енбеді. Ал қазіргі жүлде иегері Усман Дембеле рейтингте сегізінші орында тұр.
2026 жылғы «Алтын доп» жеңімпазы тамыздың соңы мен қыркүйектің басында анықталады. Салтанатты марапаттау рәсімі дәстүр бойынша Париждегі Шатле театрында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или