Кирилл Курдиди велотректен Азия чемпионатында топ жарды

Кирилл Курдиди велотректен Азия чемпионатында топ жарды

​Филиппиннің Тагайтай қаласында өтіп жатқан велотректен Азия чемпионатының шешуші жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлер арасындағы 1 шақырым бәсекеде Кирилл Курдиди сары құрлық чемпионы атанды.

Жүлдегерлер мынадай:

  • 1. Кирилл Курдиди (Қазақстан) - 59.915 секунд.
  • 2. Хан Ксие (Қытай) - 59.929
  • 3. Риото Ичида (Жапония) - 1:00.614.


​Айта кетейік, бұл 
Тагайтайдағы Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы иеленген алғашқы алтын медаль. Осыған дейін элита санатында өнер көрсеткен отандық велошабандоздар 3 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алған.

Қазақстан Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар Азия кубогы кезеңінде үш финалға жолдама алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или