Волейбол. «Жетісу» көш бастады
<div style="text-align: justify;">
<strong>Павлодарда волейболдан әйелдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының төртінші туры өтіп жатыр. Ұлттық лига командалары тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. </strong></div>
<div style="text-align: justify;">
</div>
<div style="text-align: justify;">
Әуелі талдықорғандық «Жетісу» бесінші кезеңде турнир аутсайдері «Қарағандыны» 3:2 есебімен жеңді. Бұдан кейін турнир қожайындары павлодарлық «Ертіс-Казхром» төрт кезеңге созылған ойында «Астана» командасынан жеңісті тартып алды. Алғашқы екі кезең қорытындысы бойынша таразы басы тең болған еді. Алайда жанкүйерлердің қолдауы павлодарлық қыздардың жеңіске жетуіне серпін берді. Турнир кестесінде 38 ұпаймен «Жетісу» көш бастап келеді. Елордалық клуб 33 ұпаймен екінші орында тұр. «Ертіс-Казхром» «Астанаға» бір ұпайға кем жинады. Өскемендік «Алтайдың» қоржынында 30 ұпай бар. Артынша «Алматы» (20 ұпай) мен «Қарағанды» (9 ұпай) клубтары жайғасты. </div>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или