Алматыдағы жаңа стадионның құрылысы қашан басталатыны белгілі болды
Алматыдағы жаңа стадионның құрылысы қашан басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл тақырыпта «Қайрат» клубының басшысы Қайрат Боранбаев журналист Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында ашып айтты:
«Қазір стадионның жобасы дайындалуда. Таңдалған жері тамаша. Жанынан метро өтеді екен. Ол стадионда «Қайрат» ойнайтын болады.
Басында әкімдіктің Орталық стадионды жаңарту туралы жоспары болған еді. Кейін жаңа стадион салатынын хабарлап, бұл жоспарлары аяқсыз қалды. Құрылыс жұмыстарын екі жыл ішінде бітіреміз деп отыр. Өз басым стадионның макетін тек видеодан көрдім», – деді клуб басшысы «Nursultan Qurman» YouTube арнасына берген сұхбатында.
Жаңа арена Құлжа мен Талғар тасжолдарының арасында, аумағы шамамен 15 гектар жерде УЕФА-ның 4-санат талаптарына сай, 35 мың көрерменге есептеліп салынады.
«Қайраттың» иесі команданың демеушілері туралы айтты
Годберг Купер: «Қайрат» Миланға турист ретінде емес, ойнау үшін барады
«Интердің» бас бапкері «Қайратқа» қарсы матч алдында мәлімдеме жасады