Бублик тағы да Галледе топ жарды

Бублик тағы да Галледе топ жарды


Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Германияның Галле қаласында өткен ATP 500 санатындағы Terra Wortmann Open турнирінің чемпионы атанды.

Финалда Бублик ресейлік Даниил Медведевпен кездесіп, 6:3, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті. Бұл кездесу турнирдің ең тартысты матчтарының бірі болды. Айта кетейік, Бублик былтыр дәл осы жарыстың финалында Андрей Рублёвті де жеңген болатын.

Бұл – Бублик үшін 2025 жылғы маусымдағы алғашқы, ал мансабындағы бесінші ATP турниріндегі жеңісі. Бұған дейін ол Монпелье (2022, 2024), Галле (2023) және Антверпен (2023) турнирлерінде топ жарған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или