Салах АПЛ тарихында ең көп гол соққан шетелдік ойыншы атанды

Салах АПЛ тарихында ең көп гол соққан шетелдік ойыншы атанды

«Ливерпуль» вингері Мұхаммед Салах АПЛ 34-турында «Тоттенхэмге» (5:1) қарсы ойында гол соғып, лига тарихындағы үздік сұрмергендердің тізімінде алға жылжыды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мысырлық футболшы «Манчестер Ситидің» аңыз ойыншысы Серхио Агуэроны басып озып, Англияның басты дивизионында 185-ші голымен бесінші орынға көтерілді.

Сондай-ақ, «Ливерпуль» вингері АПЛ-да ең көп гол соққан шетелдік ойыншы атанды.

Салах қазір Премьер-лиганың ең үздік шетелдік бомбардирі болып табылады, тек төрт ағылшын ойыншыларында одан қарағанда голы көп. Алан Ширер 260 голмен тізімнің басында тұр, Харри Кейн мен Уэйн Руни сәйкесінше 213 және 208 голмен екінші және үшінші орында.Ал төртінші сатыда 187 голмен Энди Коул тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или