Данияр Елеусінов даңқты жаттықтырушымен бірге жұмыс істейді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов АҚШ-тағы оқу-жаттығу лагерін бастап, жаңа бапкерімен бірге түскен суретін жариялады. Бұл туралы Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.
«Бапкермен таныстым, дайындық басталды», – деп жазды Елеусінов Instagram парақшасына. Суретте ол америкалық жаттықтырушы Томас Янкелло екеуі, ал бапкер қазақтың ұлттық шапанын киіп алған.
Томас Янкелло – әлемдік боксқа белгілі маман. 2008 жылы Ring журналы оны әлемнің үздік 5 бапкерінің қатарына енгізген. Ол Рой Джонс-кішімен жұмыс істеген, сондай-ақ қазақстандық Иван Дычконы жаттықтырған.
Айта кетейік, бұған дейін Данияр UFC президенті Дана Уайт пен Турки Әл-аш Шейх құрған TKO Boxing лигасымен келісімшартқа қол қойған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или