UFC төрт бірдей спортшысымен келісімшартты бұзды

UFC төрт бірдей спортшысымен келісімшартты бұзды


UFC ұйымы құрамындағы өзгерістер аясында бірден төрт спортшымен қош айтысты. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

Промоушеннен кеткен спортшылар қатарында бразилиялық жеңіл салмақ өкілі Лукас Александер (8-5), ирландиялық Каолан Лоуран (10-2), бразилиялық Педро Фалькао (16-5) және америкалық Кортавиус Ромиус (9-4) бар.

29 жастағы Александер UFC-де 4 жекпе-жек өткізіп, соның біреуінде ғана жеңіске жеткен. 28 жастағы Лоуран промоушендегі 4 кездесуінің барлығында толық қашықтықты жүріп өтті, нәтижесінде 2 жеңіс, 2 жеңіліс. Ал бұған дейін ол Cage Warriors лигасында қатарынан 4 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтап, UFC назарына іліккен болатын. Фалькао мен Ромиус болса, UFC-де екі кездесуден өткізіп, екеуінде де жеңіліп қалған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или