Месси – тарихтағы ең бай спортшылардың бестігіне енді

Месси – тарихтағы ең бай спортшылардың бестігіне енді


Аргентина құрамасының шабуылшысы, қазір АҚШ-тың «Интер Майами» командасында ойнап жүрген Лионель Месси тарихтағы ең көп табыс тапқан спортшылар рейтингінде бесінші орынға көтерілді.

Бұл рейтингті Sportico журналы құрастырған. Тізімге спортшылардың мансап кезіндегі жалақысы, бонустары, жүлдеақылары, шоу-бағдарламалардан түскен табысы, жарнама келісімшарттары мен зейнетке шыққаннан кейінгі табыстары есепке алынған. Барлығы инфляция деңгейі ескеріліп, қайта есептелген. Месси жалпы $1,85 миллиард табыс тапқан.

Тізімнің көшбасында алты дүркін НБА чемпионы Майкл Джордан тұр – оның байлығы $4,15 миллиард. Одан кейін Тайгер Вудс ($2,79 млрд), Криштиану Роналду ($2,23 млрд) және Леброн Джеймс ($1,88 млрд) орналасқан.

Лионель Месси – «Барселона» клубының түлегі. Ол бұл командада 2003 жылдан 2021 жылға дейін ойнап, 835 матчта 709 гол соқты. Каталондық клубпен бірге төрт рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Сонымен қатар, 2022 жылы Аргентина құрамасымен әлем чемпионы атанды, екі мәрте Америка кубогының жеңімпазы және сегіз рет «Алтын доптың» иегері атанған. 2021 жылы ПСЖ клубына ауысқан Месси 2023 жылы МЛС-тің «Интер Майами» клубымен келісімшартқа отырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или