Қазақстандық теннисшілер ATP рейтингінде көтерілді

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) спортшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп жазады Prosports.kz.
Италиялық Янник Синнер бірінші орынды сақтап қалды, неміс теннисшісі Александр Зверев екінші орынға оралды, ал испаниялық Карлос Алькарас үшінші орынға төмендеді.
Үздік жүздіктегі Қазақстан өкілдері өз позицияларын жақсартты: Александр Бублик үш позицияға көтеріліп, 75-ші орынға тұрақтады, ал Александр Шевченко 12 сатыға көтеріліп, 92-ші орынға ие болды.
Дмитрий Попко алты саты жоғарылап, 155-ші орынға, Михаил Кукушкин бес позицияға жоғарылап, 162-ші орынға, Тимофей Скатов жеті позицияға жоғарылап, 172-ші орынға көтерілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или