Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адаместі мазақ қылды

Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адаместі мазақ қылды

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) WBC белбеуінің иегері, доминикандық Карлос Адамеске (24-1-1, 18 KO) үндеу жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшы өзінің Х желісіндегі парақшасында сурет жариялап, оған «Карлостың қорқынышы» деген жазба қалдырған. Осылайша Жәнібек Адаместі рингке шығуға қорқып жүр деп тағы да айыптады.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы Адамеспен жекпе-жекті қазіргі таңда оны қызықтыратын жалғыз кездесу екенін айтқан болатын. Ал доминикандық боксшы егер жекпе-жек өтсе, Жәнібекті зейнетке жіберетінін уәде етті.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или