Бокс. Қазақстан құрамасы Бакудегі жарысты қалай аяқтады?

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Бакуде (Әзірбайжан) өткен «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде тоғыз медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Алтынды» Бағлан Кенжебек (54 келі) пен Нұрбек Мүрсал (71 келі) жеңіп алды. Күміс жүлде Санжарәлі Бегалиевке(75 келі) бұйырды. Нұрғиса Тұрабеков (48 келі), Жандәулет Сәрсенбаев (54 келі), Ерхан Тұрдан (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Асылхан Көшербай (67 келі) және Дәурен Мамыр (86 келі) қола жүлдегер атанды.
Айта кету керек, Қазақстан ерлер құрамасының «Ұлы Жібек жолы» турниріне қатысу өтініміне бастапқыда жиырма боксшы кірген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или