Қазақстандық теннисшінің WTA жаңартылған рейтингіндегі орны белгілі болды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс WTA-ның жаңартылған рейтингінде жеке және жұптық сындағы орны төмендеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекелей сында Дияс бір позицияға төмендеп, қазір 328-орында. Жұптық сында ол екі позицияны жоғалтып, 1059-орында тұр.
Зарина Дияс жеке сында кейінгі кездесуін 19 наурызда өткізді: ол бірінші айналымда поляк теннисшісі Мая Хвалинскадан (122-орын) жеңіліп қалды. Қазақстандық жұптық сында бірнеше күн бұрын, 11 сәуірде Билли Джин Кинг турнирінде өнер көрсетті: Дияс Жібек Құламбаевамен бірге колумбиялық Юлиана Лисарасо мен Мария Паулина Перес Гарсияны 6:2, 5:7, 6:4 есебімен жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или