Қазақстандық боксшының WBC әлемдік рейтингіндегі орны жоғарылады

Қазақстандық боксшының WBC әлемдік рейтингіндегі орны жоғарылады

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (20-0, 13 КО) екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBC рейтингіндегі орны жоғарылады, деп жазады Prosports.kz.

Жаңартылған нұсқа бойынша «Қазақ патшасы» 28-орыннан 16-орынға көтерілді. Айта кетейік, 5 сәуірде Астанада Сұлтан Зәуірбек оңтүстік африкалық Азинга Фузилені (18-3, 12 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, екінші жартылай жеңіл салмақта IBF Inter-Continental белбеуін жеңіп алған болатын.

Бұл дивизионда WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық О'Шаки Фостер болса, үздік үштікке Эдуардо Эрнандес (Мексика), Марк Магсайо (Филиппин) және Мухаммадхужа Якубов (Тәжікстан) кіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или