Батыр Жүкембаев Субриэль Матиаспен реванш өткізетін күн жақындады

Батыр Жүкембаев Субриэль Матиаспен реванш өткізетін күн жақындады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев Субриэль Матиаспен реванш өткізетін күн жақындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы америкалық Sports Illustrated бысылымы былай деп мәлімдеме жасады:

«Батыр Жүкембаев осы жылы Субриэль Матиаспен жекпе-жек өткізе алады. Бұл реванш екі боксшы үшін де дұрыс шешім болады», - делінген басылым мәлімдемесінде.

Батыр Жүкембаев (24-1, 17 КО) пен Субриэль Матиас (22-2, 22 КО) арасындағы алғашқы жекпе-жек 2021-ші жылы IBF титулына міндетті үміткер атану үшін өтіп, Матиас мерзімінен бұрын (8 раунд) жеңіске жеткен болатын.

Содан бері, алты жекпе-жек өткізген Субриэль Матиас IBF бойынша Әлем чемпионы (2023) атанып, бір мәрте сәтті қорғап, 2024-ші жылы Лиам Пароға (25-1, 15 KO) қарсы айқаста белбеуінен айырылып үлгерді.

Батыр Жүкембаев соңғы жекпе-жегін бесінші сәуір күні Астанада тәжірибелі британдық боксшы Кейн Гарднермен (17-4, 7 KO) кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или