Александр Бублик рейтингте екі позицияға төмендеді
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтинг жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлемнің бірінші ракеткасы болып итальяндық теннисші Янник Синнер қала берді, екінші орынға испаниялық Карлос Алькарас шықты, ол неміс теннисшісі Александр Зверевті үшінші орынға ығыстырды.
Қазақстандық теннисші Александр Бублик рейтингте екі позицияға төмендеді, 78-ші орынға түсті. Дмитрий Попко — 161-ші. Михаил Кукушкин — 167-ші. Тимоти Скатов 179-шы орында қалды.
Жұптық сын бойынша бірінші орынды Сальвадор теннисшісі Марсело Аревало мен Хорватия өкілі Мате Павич иеленді, ал үшінші орында Финляндия спортшысы Харри Хелиоваара тұр.
Қазақстандық Александр Недовесов үш саты жоғарылап, 100-ші орынға тұрақтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или