Қазақстандық боксшы Таиландта жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Таиландта жекпе-жек өткізеді


Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Армат Арманұлы келесі жекпе-жегін 3 мамыр күні Таиландта өткізеді. Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлады.

Оның қарсыласы – Үндістаннан келген Рахул Сингх. Қарсыласының кәсіби боксшылар арасындағы көрсеткіші – 10 жеңіс, 1 жеңіліс. Оның бесеуін қарсыласын нокаутқа жіберу арқылы жеңген.

Арманұлы (2-1-0, 1КО) соңғы рет ақпанда Бангкок қаласында жұдырықтасып, пәкістандық Хабиб Ур Рахманды техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Айта кетейік, Армат әуесқой бокста да үлкен жетістікке жеткен. Ол 2022 жылы Қазақстан чемпионы атанып, 2024 жылғы Elorda Cup халықаралық турнирінде күміс жүлдеге ие болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или