Новак Джокович Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирінде жаңа рекорд орнатты
«Grand Slam» турнирінің 24 дүркін чемпионы, әлемнің бесінші ракеткасы серб теннисшісі Новак Джокович Монте-Карлода өтіп жатқан «Мастерс» турнирінде ерлер арасындағы жекелей сында 18-рет негізгі жарыста өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл Ашық дәуірдегі барлық ойыншылар арасындағы ең жоғары көрсеткіш.
Бұған дейін Джокович (4) Майамидегі «тысячник» турнирінің финалына шығып, 19 жастағы чехиялық Якуб Меншиктен 6:7 (4:7), 6:7 (4:7) есебімен жеңілген болатын. Меншик үшін бұл атақ АТР деңгейіндегі мансабындағы бірінші болды.
Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирі 6-13 сәуір аралығында өтеді. Оның қазіргі чемпионы - грекиялық Стефанос Циципас, ол осы турнирде үш титулға ие болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или