Григорий Ломакин Үндістандағы жарыста топ жарды
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин америкалық Ник Чаппеллмен дуэтте Бангалорда (Үндістан) өткен турнирдің жұптық сайысында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалда Ломакин мен Чаппелл жергілікті теннисшілер С.Де Пражвал Дев пен Нитин Кумар Синхамен кездесіп, екі сетте – 6:2, 7:6 есебімен жеңді.
Матч 1 сағат 23 минутқа созылды.
Осылайша, қазақстандық және оның серіктесі фавориттердің қатарына кірмесе де, чемпион атанды.
Айта кетейік, Бангалордағы ITF турнирінің жүлде қоры 25 000 долларды құрады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или