Министрлік: Спортшылар арасында діни теріс ағымдардың таралуына жол берілмейді

Министрлік: Спортшылар арасында діни теріс ағымдардың таралуына жол берілмейді


ҚР Туризм және спорт министрлігі спортшылар арасында теріс ағымдардың таралуына жол бермеу жұмысын күшейтеді. Вице-министр Серік Жарасбаев спортшыларға теріс ағымдар жайында теологтар түсіндіретінін айтты.

— Профилактика ретінде оларға түсіндіреміз. Бұл ретте, спортшының діндегі радикалды ағымдарына бармауына назар аударып, тиісті жұмысты атқарамыз. Тиісті жол картасы аясында бұл жұмысқа теологтарды тартып жатырмыз, яғни осындай іс-шараларды федерацияларға енгіземіз, — деді С. Жарасбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, радикалды көзқарастағы спортшылар жайында мәліметтер тиісті ведомстволарға хабарланады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын мақұлдады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или